#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көкшетауда газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті

Көкшетауда газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті.

Көкшетауда газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті. Оның алтауы — бала. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«20 желтоқсандағы кешкі сағат 21.14-те Васильковский шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылды. Өрт шыққан жоқ. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер мен куәгерлер 6 бала мен 2 ересек адамды құтқарды», — дейді ресми өкіл.

Оның айтуынша, жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден 4 литрлік газ баллонын алып келген. Алайда көпқабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Иесі неге газ баллонын пәтерге кіргізгені анықталып жатыр.

«Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, 2 ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД-ның 21 қызметкері, 7 техника, 9 полиция қызметкері және 3 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді», — дейді Талғат Уәли.

Сонымен қатар, Ақмола облысының ТЖД-і газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау керегін ескертті.

Соңғы жаңалықтар