#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШҚО-да боранда жолда қалған отбасы құтқарылды

Түнде Ақсуат-Ақжар тасжолында отбасы көлігі сынып, боранда қалып қойған. Отбасында 4 адам болған, оның екеуі бала.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тасжолда көлігі сынып, боранда қалып қойған 2 кішкентай баласы бар отбасы құтқарылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнде Ақсуат-Ақжар тасжолында отбасы көлігі сынып, боранда қалып қойған. Отбасында 4 адам болған, оның екеуі бала.

«Жолдағы жағдай кешке күрделене түсті. Себебі жолдан ешқандай көлік өтпеген. Көліктегі адамдар құтқарушыларға хабарласқан. Осылайша, Тарбағатай ауданындағы мамандар оларға көмектесу үшін жолға шықты», — делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар отбасын жақын маңдағы кафеге жеткізіп, көлікті қардан шығаруға көмектескен.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері өңірдегі жолдардың бойында жалпы 56 жылыту пункті барын атап өтті. Онда жүргізушілер жылынып, шай ішіп, тиісті көмекті алуға мүмкіндік жасалған.

Соңғы жаңалықтар