2020 жылдың 16-17 желтоқсанында Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада автомобиль өткізу пунктері жабылады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты.
«2020 жылдың 16-17 желтоқсанында Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері жабылады. Өткізу пункттері 2020 жылдың 18 желтоқсанында жұмыс істей бастайды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан бұл шектеуді назарға алуға шақырады.