#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қостанай облысында кісіге қасқыр шапты

Ауыл тұрғындарының сөзінше, түз тағысы Ақкөлдің іргесіндегі Сызай мекенінде отырған малшының қыстағына келіпті. Қасқыр сойылған малдың ішек-қарнын асап жатқанда, үйден шыққан әйелге тап беріп, қарын тұсын жарақаттапты.

Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Ақкөл ауылында 29 жастағы әйелге тапа-тал түсте қасқыр шауып, жарақаттап кетті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz  басылымына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, түз тағысы Ақкөлдің іргесіндегі Сызай мекенінде отырған малшының қыстағына келіпті. Қасқыр сойылған малдың ішек-қарнын асап жатқанда, үйден шыққан әйелге тап беріп, қарын тұсын жарақаттапты. Артынша салт жеткен  күйеуі тұра қуғанда, жыртқыш атты адамның өзіне қарсы шапқан көрінеді.

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады.

«1991 жылы туған әйел Жангелдин аудандық орталықтандырылған ауруханасына жатқызылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы қанағаттанарлық. Хирург маман жүргізген емдеу шарасынан кейін қосымша көмекті қажет етпейді. Науқасқа антирабиялық, яғни құтырмаға қарсы иммунитетті күшейтетін вакцина егілді», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Соңғы жаңалықтар