#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағанды облысында МАЭС-2-де жарылыс болды: бір адам қаза тапты

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, апат Абай ауданында орналасқан МАЭС-2-де болған.

Қарағанды облысында ГРЭС-2-де бу құбыры жарылып, ер адам қаза тапты, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, апат Абай ауданында орналасқан МАЭС-2-де болған.

«Кazakhmys Еnergy» ЖШС ақпараты бойынша, 1958 жылғы ер адам қаза тауып, үш адам зардап шекті: 1975 жылы туған әйел мен 1971, 1980 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендер 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

ТЖД өкілдері бұл оқиға Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына әсер етпегенін атап өтті. Қазіргі уақытта «Кazakhmys Еnergy» жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тексеру комиссиясы құрылатынын мәлімдеді. Тергеу нәтижелері кейінірек хабарланады.

Соңғы жаңалықтар