Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Денисов ауданы Фрунзе ауылында болған. Өрт салдарынан 2016 жылы туған қызбен, 2018 жылғы бала қаза тапты.
«Олар балалар жатқан бөлмеге жүгіріп барып, алдымен ұлын, кейін қызын шығарды. Оқиға орнына бірден медицина қызметкерлері мен «Фрунзенское» ЖШС-ның ерікті өрт сөндіру бөлімі шақырылды. Алайда балалар 17.15-те көз жұмды», — дейді Қостанай облысы ТЖД басшысының орынбасары Азамат Өрімбаев.
Мамандардың болжамынша, балалар үйдің жатын бөлмесінде сіріңкемен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. Осы сәтте олар басқа бөлмеге қашқан. Алайда олар түтіннен уланып қаза тапқан.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында өрттен 4 бала көз жұмған. Құтқарушылар қостанайлықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.