Бейсен Құранбектің туған күні қарсаңында «Алматы» телеарнасының «Сәуле-ғұмыр» бағдарламасында танымал тұлғаға арналған жобаның алдын ала көрсетілімі өтті,деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Белгілі журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбекті еске алу құрметіне арналған «Сәуле-ғұмыр» бағдарламасы 5 желтоқсанда, сағат 23:00-де «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.
Еске салайық, журналист Бейсен Құранбек биыл мамырда қайтыс болған еді. Ол бір жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен.
Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы еліміздегі бірқатар республикалық телеарнада қызмет атқарған.
2013-2017 жылдары Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы көпшілікке танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан Ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасының тізгінін ұстаған еді. 2014 жылдан бастап Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры қызметін атқарып келді.