#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Таразда моншадағы өрт дүкен мен үйді алып кеткен

Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 27 қарашада жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның төбесінде шыққан.

Тұрғын үй моншасындағы өрт Тараздағы дәмхана мен дүкенді алып кетіпті, деп хабарлайды ADYM.KZ Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 27 қарашада жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның төбесінде шыққан. Өрт үйдің төбесіне тез тарап, маңындағы көрші «Санабар» кафесінің төбесіне және «S-магкет» дүкенін алып кеткен.

Оқиға туралы хабарлама ТЖД-ға 19:19 минутта келіп түсті. Бірінші топ өрт орнына бес минуттан кейін келді. Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен сегіз мамандандырылған машина, оның ішінде 6 өрт сөндіру автоцистернасы тартылды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жедел медициналық көмек, Қалалық су арнасы және электр желілері жұмыс істеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі бойынша, мұржаның дұрыс орнатылмауы.

Соңғы жаңалықтар