#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аударылып түсті

Жол-көлік оқиғасы Новодолинский ауылының маңындағы автожолда болды.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аудалырып түсті, зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Новодолинский ауылының маңындағы автожолда болды. №121 автобус оған соғылған жеңіл көліктің кесірінен жыраға түсіп кетті.

Апат кезінде қалааралық автобус салонында 40 жолаушы болған. Полицияның мәліметінше, атапқа 29 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі себеп болған. Ол Шахтинск қаласына қарай бара жатып, жолдың қарсы жолағына шығып кетеді де SANOS маркалы автобуспен соқтығысады. Оқиға болған жерде түсірілген видеодар Желіде жарияланды. Кадрларда жолаушылар аударылған автобус салонынан өз бетінше шығып жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, бірнеше жедел жәрдем көлігі бар.

«121-ші автобусты 29 жастағы жүргізуші басқарған. Жол апаты салдарынан автобус жыраға аударылып кеткен. Автобустағы 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар