#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді.

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық маска жіберді.

«Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгеге жуық, атап айтқанда «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарының құны 328 миллион теңге, «Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық маскалар құны — 61 миллион теңге», — делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар