#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін 2,5 есе өсетінін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін 2,5 есе өсетінін айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының бағдарламасындағы екінші басымдық — дені сау интеллектуал ұлтты қалыптастыру екенін және жаңа жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортқа шығындар ұлғаятынын айтты.

«Бұл адами капиталға, еліміздің болашағына салынатын стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің кемінде 5 пайыз болады. Ықтимал жаңа эпидемияға дайын болуымыз керек. Бірыңғай ұлттық жүйені, оның ішінде цифрландыру, телемедицина, биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымын құру аяқталады. Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі ғылыми-инновациялық көпсалалы клиника салынады. Еліміздің барлық облысында аймақтық медицинаны дамыту үшін 20 заманауи медициналық орталық саламыз. Облыстық ауруханалар мен перзентханаларды, ауылдық медициналық мекемелерді барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етеміз. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өседі», — деді Мемлекет басшысы партияның съезінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, басты мақсаттардың бірі — қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру.

«Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту маңызды. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер клубтарын шағын және орта қалаларда ғана емес, барлық ауылда ашу керек. Жаттықтырушы-мұғалімдердің жалақысын да өсіру қажет. Әр ауылдық округте спорт бойынша нұсқаушы лауазымы енгізілсін», — деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...