#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтан теміржолында вагон өртенді

Нұр-Сұлтанда 18-19 қарашаға қараған түні қызметтік вагон өртенді,

Нұр-Сұлтанда 18-19 қарашаға қараған түні қызметтік вагон өртенді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметіндегілер өрт станцияның арнайы өрт пойызымен сөндірілгенін хабарлады.

«Өрттен зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Пойыздардың кешігуіне, жолдың, сигнал беру жабдықтарының, орталықтандыру, блоктау және байланыс құрылғыларының, энергиямен жабдықтаудың бұзылуына жол берілген жоқ», — деп түсіндірді ұлттық компаниядағылар.

ҚТЖ деректері бойынша, вагон компания қызметкерлеріне арналған және ол жолдардағы өндірістік жұмыстар кезінде пайдаланылады.

Видео Telegram-дағы Kozachkov offside арнасынан.

Өрт дерегі бойынша елордалық ТЖ департаменті өкілдерінің қатысуымен тергеу тағайындалды.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, өрт туралы ақпарат 19 қарашада сағат 3.11-де келіп түскен.

«Оқиға болған жерге елордалық 15 өртсөндіруші мен үш техника келген кезде № 50 теміржолда 50 шаршы метр алаңда № 027 резервтік вагон-мейрамхана өртеніп жатқаны анықталды. Нәтижесінде көрші жолда вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған № Т-330 маркалы шынжыр табанды трактордың кабинасы жанып кетті. Өрт 04.22-де ауыздықталып, сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар