#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК+ альянсынан шығуы мүмкін — БАҚ

Біріккен Араб Әмірліктері өзінің мұнай одақтастары - Сауд Арабиясы мен Ресейге қатысты қысымды күшейтті.

Біріккен Араб Әмірліктері өзінің мұнай одақтастары — Сауд Арабиясы мен Ресейге қатысты қысымды күшейтті. Бұл ел ОПЕК+ алянсынан шығуы мүмкін, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Бұл — ерекше қадам. Өйткені БАӘ көптен бері келіспеушіліктерді көпшілікке жарияламай шешуді ойлап, ешкімнің назарын аудармай жанжалдасудан қашты. Альянстан шығу туралы ескертуі мұнай өндіру туралы келіссөзді тездету үшін жасады ма, әлде шынымен саясатты талқылау аясында қарастырды ма — түсініксіз», — деп жазады Bloomberg.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, Сауд Арабиясы мен БАӘ арасындағы қысым жаздың соңында күшейді. Ол кезде БАӘ ОПЕК+ келісімінде қарастырылған квотадан тыс мұнай өндіру көлемін арттырған. Енді БАӘ квотаны бөлу тәртібімен келіспейді: ел үкіметі оны әділетсіз деп есептейді.

Дегенмен БАӘ ресми өкілдері ОПЕК+ альянсынан шығу туралы мәлімдеме жасамады.

Соңғы жаңалықтар