#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Дәрігерлердің үстемақысы: Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге,...

Қос азаматтықпен жүрген 90 адам анықталды

Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген 90 адам анықталды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір...

Түркістан: Жолаушылар тасымалы саласына серпіліс керек

Түркістан қаласында қоғамдық көліктердің жай-күйі талқыланған жиын өтті. "Nur Otan" партиясы Түркістан қалалық филиалы ұйымдастырған жиынға партияның саяси кеңесінің мүшелері қатысты. Жиында қоғамдық көлік...

Елорда дәрігерлері сирек дертке шалдыққан қызға күрделі ота жасады

Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында сирек кездесетін ауруға шалдыққан 7 жастағы қызға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Ауру айтып...

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бүгін бес салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтіп, жартылай финалға жолдама...

Әскери форма сатумен айналысатын сауда орындары тексерілуде

Қалалық тәртіп көтерме және бөлшек сауда арқылы полицияның формалық жарақтарын сату нүктелерінде арнайы рейдттік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  –...

Тоқаевтың тапсырмасымен арзандайтын дәрілер тізімі аталды

Денсаулық сақтау министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құны төмендейтін дәрі-дәрмектердің тізімін ұсынды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Бәсекелестікті реттеу және дамыту агенттігі...

Футболдан Қазақстан құрамасы Литвадан жеңіліп, топта соңғы орын алды

Кездесуді жап-жақсы бастаған жерлестеріміз кездесудің соңғы секундтарында өз қақпасына гол жіберіп алды.

Ұлттар лигасындағы соңғы тур ойынын Алматыдағы Орталық стадионда Литва құрамасына қарсы өткізген Қазақстанның футболшылары бұл жолы да өз жанкүйерлерін жерге қаратты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Кездесуді жап-жақсы бастаған жерлестеріміз кездесудің соңғы секундтарында өз қақпасына гол жіберіп алды. Шыны керек, маусым соңында біздің жігіттер дәл осылай сүреңсіз өнер көрсетеді деп ойлаған жоқ едік.

Қазақстандықтар бұл матчқа мынадай құрамда шықты: Покатилов, Марочкин, Логвиненко, Әліп, Вороговский, Тағыберген, Әбікен, Досмағамбетов, Қуат, Щеткин және Айымбетов.

Литваның намысын мына ойыншылар қорғады: Шведкаускас, Вайткунас, Гирдвайнис, Бенета, Миколюнас, Воробьев, Шимкус, Сиргедас, Сливка, Новиковас және Лаукжемис.

Алғашқы жарты сағатта қос команданың ойыншылары алма-кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен, көгілдір экранға көз тіккен көрермендер елең ете қалатындай еш нәрсе болған жоқ. Қақпаға соққы бағыттау былай тұрсын, тіптен айып алаңында болған аса бір қауіпті сәтті көре алмадық. Әйтеуір, бірде Қазақстанның, бірде Литваның футболшылары арам тер болып, әрлі-берлі жүгіріп жүрді. Ойынның 38-минутында алаң иелері бұрыштама беру мүмкіндігіне ие болды. Қақпа маңына бағытталған допқа Эгидиюс Вайткунас пен Абат Айымбетов қатар секірді. Сәл шапшаңдау қимылдаған қандасымыз қорғаушының алдын орап кетті. Абаттың баспен соққан добы қақпа торынан табылды. Қазақстан алға шықты – 1:0.

Шыны керек, Абат Айымбетовтің әдемі де әсерлі голына қуантып та үлгермедік. Арада екі минут өтпей жатып, таразы басы теңесті. Бұл ретте Эгидиюс Вайткунастың еңбегі ерен. Соның алдында ғана өрескел қателік жіберген қорғаушы сол қапталмен жанұшыра алға ұмтылды. Айып алаңына жақындаған тұста Модест Воробьевқа жақсы пас берді. Ол өз мүмкіндігін қалт жібермеді – 1:1.

Екінші кезең басталған бетте екінші рет сары қағаз алған Исламбек Қуат алаңнан қуылды. Алаңда бір ойыншысы кем болса да, қазақстандықтар қарсыластарына тізгінді бермеді. Балтық жағалауынан келген жігіттер де жағдайды шиеленістіруге асықпады. Өйткені, тең ойын оларды қанағаттандырады. Осылайша, ойын бір сарынды өрбіп жатты. Қос команда да осы есепке келіскендей әсерде болдық. Алайда негізгі уақытқа төреші қосқан төрт минуттың соңғы секундттарында қонақтар таразы басын теңселіп кетті. Дәл айып алаңындағы сызықшаның қасына келген бетте Арвидас Новиковастың шірене тепкен добы нысанаға дәл тиді – 1:2.

Сөйтіп, Қазақстан ұлттық құрама командасы айтулы жарыстың С дивизионындағы 4 тобында ең соңғы орында қалып қойды. Біздің футболшылар небары төрт ұпайды қанағат тұтты. Көш басында – Албания (11 ұпай). Екінші және үшінші орындарды Беларусь (10 ұпай) пен Литва (8 ұпай) иеленді.

 

Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада нарықтық экономикасы...

Орманда көміп кеткен: Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ер адамды...

Мектептегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара...

Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтар айларында күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Апта сайын мәліметтерге талдау...

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағында жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық...

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы...

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

Кентау қаласында 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы...

Түркістан: Кентаудың трансформаторына сұраныс жоғары

Бүгін Кентау қаласындағы трансформатор зауытында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиын барысында "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның Басқарма төрағасы Хайрулла Бәйділдаұлы кәсіпорынның...

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Талдықорған қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы...