Таразда өрттен 3 адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған.
«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама түнгі сағат 3:26-да түскен. Ер адам өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де түтінге уланып көз жұмған. Қайғылы оқиғадан 1936, 1960 және 1982 жылы туған 3 адам қаза тапты», — дейді ресми өкіл.
Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Түнгі сағат 4:24-те өрт толығымен сөндірілді.