#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қырғызстан парламентінің спикері отставкаға кетті

Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев отставкаға кетті.

Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев отставкаға кетті. Бұл туралы ол бүгін «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен отырыста мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.kZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол президент сайлауына қатысады.

«Алтыншы шақырылымның өкілеттігі аяқталуына байланысты мен президенттің міндетін атқарудан бас тартқаным белгілі. Келіспеушіліктер болғанын қаламадым. Бірақ парламент сайлауының мерзімі кейінге шегерілді. Садыр Жапаров президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Демек парламент спикері мемлекет басшысының міндетін атқара алады. Бірақ «Қырғызстан» партиясы мені президент постына ұсынды. Сондықтан мен өкілеттіктерді қосамын деген шешім қабылдады», — деді Қанат Исаев.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының (4 қазанда өтті) қорытындысына келіспегендер жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар қарулы күш өкілдерімен қақтығысқаннан кейін оппозициялық партиялардың жақтастары парламент ғимаратын (оның ішінде президет әкімшілігі де отырады) басып алды.

Соңғы жаңалықтар