#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мұнай барреліне 38 доллардан арзандады

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.52-де Brent маркалы мұнайға желтоқсан фьючерстерінің бағасы 3,246 пайыз төмендеп, 37,85 долларға дейін арзандады, ал WTI бағасы 3,343 пайыз азайып, барреліне 36,14 доллар болды.

15 маусымнан бері мұнай бағасы барреліне 38 доллардан төмендеді. Бұған Лондон биржасының деректері дәлел, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.52-де Brent маркалы мұнайға желтоқсан фьючерстерінің бағасы 3,246 пайыз төмендеп, 37,85 долларға дейін арзандады, ал WTI бағасы 3,343 пайыз азайып, барреліне 36,14 доллар болды.

Еске салайық, 28 қазанда кешке АҚШ-та қордың өсімі бойынша статистикадан кейін мұнай құны 5-6 пайыз төмендеді. Елдегі коммерциялық қор 23 қазаннан бастап апта ішінде 4,3 миллион баррельге көбейді. Сарапшылар 1,2 миллион баррель өсім болатынын болжаған. Қордан бөлек елде мұнай шығару көлемі де артты — күніне 1,2 миллион баррель, тәулігіне 11,1 миллион баррель.

Соңғы жаңалықтар