#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Әскери форма сатумен айналысатын сауда орындары тексерілуде

Қалалық тәртіп көтерме және бөлшек сауда арқылы полицияның формалық жарақтарын сату нүктелерінде арнайы рейдттік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  –...

Түркістан облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 қараша күнгі бұйрығымен Сыздықов Данияр Нұрділдаұлы Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына...

«Халық сүйіктісі» сыйлығының финалистері белгілі болды

"Халық сүйіктісі" сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері белгілі болды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. "Республика-Аймақ-Даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда "Халықтың сүйіктісі-2020" Ұлттық сыйлығына...

Қырғызстан атауын өзгерту ұсынылды

"Кыргыз жолу" қоғамдастығының төрағасы Қадырбек Кошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бішкекте кезекті конституциялық кеңес өтіп жатыр. Кошалиев Конституцияға...

Қос азаматтықпен жүрген 90 адам анықталды

Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген 90 адам анықталды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір...

Шымкентте бокстан ҚР чемпионаты өтуде

Шымкент қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Шаршы алаңның мықтылары 22-29 қараша аралығында былғары қолғапта күш сынасады. Қалалық көркем гимнастика мектебі...

Дәрігерлердің үстемақысы: Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге,...

Мемлекет басшысының бастамасымен үздік табиғат қорғаушылар тұңғыш рет «Елім-ай» сыйлығымен марапатталды

23 қазан күні Қазақстанда тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы табысталды. Инспекторлар, орманшылар, балық шаруашылығы өкілдері мен экобелсенділер марапатталды.

23 қазан күні Қазақстанда тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы табысталды. Инспекторлар, орманшылар, балық шаруашылығы өкілдері мен экобелсенділер марапатталды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа биылғы Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екенін айтқан. Көгалдандыру ауқымын кеңейтіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасы қабылданатынын жеткізген. Ал кеше Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Ұлттық мемлекеттік табиғи парктерде экотуризмді белсенді дамыту қажеттігін тағы да тоқталды.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Республика. Аймақ. Даму» қоғамдық қоры ұйытқы болған шараға Министрлер, депутаттар, олимпиада чемпиондары, танымал қоғам қайраткерлері қатысты.
“Елімізде тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы «Елім-ай» сыйлығын табыстау арқылы біз саладағы үздік мамандарды, жануарларға, жабайы табиғатқа, экологияға жаны ашып, өз еріктерімен қоғамдық істердің басында жүрген азаматтардың еңбегін атап өткіміз келді», — деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев іс-шараның ашылу салтанатында.
Экология министрлігі «Елім-ай» сыйлығы шарасын дәстүрлі түрде жыл сайын өткізбек ниетте.
«Біздің министрлік алдына экология саласындағы қызметкерлердің, экобелсенділердің статусын көтеру міндетін қойып отыр. Сала мамандарының материалдық жағдайын көтеруге қатысты қадамдар жасалды. Браконьерлік үшін жаза қатайтылды. Өткен жылы ақбөкендерді қорғау жолында қорықшыларымыз – Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың браконьерлер қолынан қаза тапқанын ешкім ұмытқан жоқ. Бұл – инспекторлардың мәртебесін жоғарылату жолындағы белсенді жұмысты жалғастыруымыз қажеттігінің үлкен белгісі», — деп атап өтті министр.
Номинантттарға сыйлықты ҚР ЭГТРМ Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сенаторлар Бірғаным Әйтімова мен Нұртөре Жүсіп, Олимпиада чемпионы Василий Левит және басқа да қоғам қайраткерлері табыстады.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 18 қазанда аталып өткен орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтады.
«Төл мереке өз жалғасын бүгінгі күні де табуда. Бұл өздерінің табандылықтары арқылы еліміздің орман байлығын қорғап, көбейтіп жүрген азаматтардың мерекесі. Еліміздің баға жетпес байлығы мен табиғаты арасында, Орман-тоғай – Жер-Ананың адамзатқа берген сыйының бірі. Сондықтан табиғатты аялау мен оның қадір-қасиетін сезіну – адамзатқа, ұрпағымызға парыз», — деді ол өз сөзінде.
«Елім-ай» сыйлығы 16 номинация бойынша табысталды.
«Браконьерлермен күрестегі ерен ерлігі үшін» “Охотзоопром” Ақмола облыстық тірек пунктінің инспекторы Нұрбеков Достай Балғабекұлы марапатталды. Ол 2016 жылы браконьерлермен бетпе-бет келіп, мойнынан пышақ жарақатын алып, ажалдан аман қалған еді.
Охотзоопром” ӨБ орталық аймақтық филиалының инспекторы Алиев Мұрат Қабиденұлы «Жануарлар дүниесін қорғауда «үздік инспектор» деп танылды.
Орман шаруашылығы саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан «Самар орман шаруашылығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің директоры Қабдырғалиев Еркен Чаймұратұлы «Үздік орманшы» атанды.
«Орман шаруашылығын дамытуға барын салып атсалысқалы үшін» «Семей орманы» мекемесінің Семей қалалық филиалы Батпаев орманшылығының жетекшісі Александр Трушин марапатталды.
«Орман шаруашылығына еңбегі сіңген ардагер» номинациясына «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің аға ғылыми қызметкері Ахметов Хамит Ағабекұлы ие болды. Биология ғылымдарының кандидаты 30-ға жуық ғылыми мақала жазды.
«TMT GROUP» ЖШС басшысы Тұрсынәлі Марлен Тұрсынәліұлы «Үздік балық өсіруші» деп танылды. Ал «Карагандинский рыбопитомник» ЖШС «Үздік балық тәлімбағы» атанды.
«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Үздік ұлттық парк», «Барсакелмес» мемлекетті қорығы «Үздік қорық» аталымын алды.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаевқа «Экотуризмді насихаттау бойынша үздік жоба» номинациясы берілді.
«Тамыр» жабайы табиғатта серуендей мектебі экологиялық мәдениетті көтеру және адамдардың жабайы табиғаттағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапатталды.
Итбалықтардың қорғаушысы ретінде танылған Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова «Экологиялық насихат бағытындағы маман» аталымына ие болды.
«Аман пен ерік-жігер» аталымымен екі қолының жоқтығына қарамастан Ақмола облысында 18 мың ағаш отырғызып, үлгілі іспен өмірден өткен Александр Карповичтің еңбегі аталып өтілді. Сыйлық ұлына табысталды.
«Өлкетануға қосқан үлесі үшін» «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Құрманов Алтынбек Жұматұлы марапатталды.
«Жабайы аңдарға жасаған қамқорлығы үшін» “Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биолог-аңшысы Ақынбаев Нұржан Сайранбайұлы марапатталды.
Жануарларды қорғау қауымдастығының Президенті Лилия Сәрсенова «Үй жануарларын қорғағаны үшін» номинациясын алды. Ол жануарлар паналайтын орталық ашқан.

Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада нарықтық экономикасы...

Орманда көміп кеткен: Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ер адамды...

Мектептегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара...

Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтар айларында күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Апта сайын мәліметтерге талдау...

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағында жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық...

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы...

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

Кентау қаласында 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы...

Түркістан: Кентаудың трансформаторына сұраныс жоғары

Бүгін Кентау қаласындағы трансформатор зауытында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиын барысында "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның Басқарма төрағасы Хайрулла Бәйділдаұлы кәсіпорынның...

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Талдықорған қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы...