#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тағы бір қазақстандық ЖОО лицензиясынан айырылды

Білім және ғылым министрлігі тағы бір қазақстандық ЖОО-ны бас лицензиясынан айырды

Білім және ғылым министрлігі тағы бір қазақстандық ЖОО-ны бас лицензиясынан айырды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Шымкентте академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясыз қалды. Бұл шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бірнеше тексеруден кейін қабылданған.

«Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отырысының қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды, ол 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлік шешіміне де апелляция беруге құқылы», — деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін ЖОО-ға жоспарлы тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтарды түзетуге бірнеше рет мүмкіндік берілгені атап өтілді.

«Заң бұзушылықтар оқу процесін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, ЖОО-ны оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты болған. Мәселен, «Атамекен» ҰКП рейтингінің деректері бойынша, ЖОО-ның білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің талабына 17,4 пайызға ғана сәйкес келеді, ал білім беру бағдарламаларының 82,6 пайызы пысықтауды талап етеді, өйткені жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді», — деп толықтырды ведомстводағылар.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мұндай шаралар студенттердің мүдделерін ескере отырып қабылданатынын айтты.

«Біз мұны студенттер мен ата-аналардың түсінгенін қалаймыз. Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, болашақ мамандар диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасуда проблемалар туындауы мүмкін. Бұл университетке қатысты шешім айдың соңында заңды күшіне енеді. Әрине, процесс кешігуі мүмкін. Біз өз тарапымыздан студенттерге басқа жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесемізБұл университетте тек 50 адам грантта оқиды, ол бұл студенттердің әрқайсында сақталады«, — деді комитет төрағасы Гүлзат Көбенова.

«Ақылы оқитындар үшін оқу бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Студенттер мемлекеттік жоғары оқу орындарына ауыса алады. Студенттердің барлық оқу көрсеткіші басқа ЖОО-ларға ауысқан кезде жарамды. Шымкентте аталған ЖОО-ның білім алушыларын қабылдай алатын жоғары оқу орындарының саны жеткілікті екенін атап өткім келеді, сондықтан студенттер өз мамандықтары бойынша оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, жақын орналасқан қалаларда 50-ге жуық университет бар. Біз аталған жоғары оқу орнының инфрақұрылымы негізінде мектеп немесе колледж ашуды ұсындық, себебі бүгінде бір оқушыға 500 мың теңге көлемінде ай сайынғы мемлекеттік тапсырыс алу мүмкіндік бар», — деп қосты ол.

Бұл ЖОО-да студенттер негізінен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Құқықтану» және басқа да бағыттар бойынша ақылы оқиды. Оқу құны 275-тен 800 мың теңгеге дейін.

Студенттерге оқу семестрінің аяқталуын күтпестен басқа жоғары оқу орындарына ауыса алатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...