#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Елордада «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» турнирі өтуде

Дебат ойындарына Нұр-Сұлтанның 16 жоғары және 35 арнаулы орта оқу орынының студенттері қатысады.

Елорданың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» дебат турнирінде біріншілікке таласады, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Дебат ойындарына Нұр-Сұлтанның 16 жоғары және 35 арнаулы орта оқу орынының студенттері қатысады. Пікірсайыс тақырыптары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, Абай Құнанбаевтың 125 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Пікірсайыстың мақсаты — жастардың өзекті тақырыптарды талқылап, аналитикалық және сыни ойлай білуіне тарту. Сайыс ZOOM бейнеконференция сайтында онлайн өтеді, – деп хабарлады «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы.
24-25 қазан аралығында турнирдің келесі кезеңі өтеді. Оған осы кезең жеңімпаздары қатысады.

Соңғы жаңалықтар