#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Қарағандыда жаңа ПТР зертхана ашылды

Қарағанды облысы коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалуда. Облыс орталығында ашылған жаңа әлеуметтік ПТР зертхана тәулігіне 2000 тест жасайтын қуаттылыққа ие, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz...

Елорда жолдарының 50% стандартқа сай емес – Сағынов

Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды...

Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі...

8 жасар қари қажылыққа баратын болды

Елордадағы республикалық маңызы бар «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы ұйымдастыруымен қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан ІХ республикалық байқауы аяқталды,...

Шымкентте карантин 9 қарашаға дейін ұзартылды

Бүгін Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаевтың өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап. Шымкент қаласы...

Құтқарушылар Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап. 2020 жылғы 27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының...

Балқашта карантин күшейтілді: жеке көлікпен жүруге тыйым салынады

Қарағанды облысы Балқаш қаласында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының тіркелу санының ұлғаюына байланысты 2020 жыл 24...

Шымкент: Егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің қатысуымен басқарманың атқарған жұмыстары мен Жолдау аясында жоспарланатын шаралары бойынша брифинг өтті.

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің қатысуымен басқарманың атқарған жұмыстары мен Жолдау аясында жоспарланатын шаралары бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Асқар Сәкенұлы, ең алдымен, Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сөз қозғады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласында экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырды. Осы мақсатта қалада ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың гектарды құрайды. Оның ішінде егістікке жарамды 39,5 мың гектардың 27,9 мыңы (70,6%) егілген. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артық, – деді А.Қаныбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 гектар жылыжай және 15 гектар қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылған. Ал күзгі дала жиын терім жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель оты тауар өндірушілердің өтінімдеріне сай 190,6 тоннасы берілген. Осы орайда игерілген егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған. Олар – 14,2 мың тонна дәнді дақыл, 1,0 мың тонна майлы дақыл, 2,4 мың тонна картоп, 12,6 мың тонна көкөніс, бақша және 6,5 мың тонна мал азығы. Бұл күзгі егін жинау жұмысы қараша айына дейін толығымен аяқталады.
Спикердің сөзіне сүйенсек, мал шаруашылығында ет 10,6 мың тонна, сүт 35,1 мың тонна, жұмыртқа 100,4 млн дана көрсеткішінде артығымен өндірілген. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 4 232,4 млн теңге субсидия бөлініп, есепті кезеңге қаралған қаржы толығымен жұмсалған. Нәтижесінде, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 млрд теңгеге артқан.

Соңғы жаңалықтар

Елорда жолдарының 50% стандартқа сай емес – Сағынов

Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды...

Мұнай барреліне 38 доллардан арзандады

15 маусымнан бері мұнай бағасы барреліне 38 доллардан төмендеді. Бұған Лондон биржасының деректері дәлел, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат...

Тоқаев барлық полицей нені ұмытпауы керегін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының барлық қызметкері нені ұмытпауы керегін айтты, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев...

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Алдын ала ақпарат бойынша пара сомасы шамамен 7 млн теңгені құрайды, деп хабарлады ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап. Бүгін, 29 қазанда БҚО Денсаулық сақтау...

Қазақстанның бір облысында блокбекет орнатылады

Шығыс Қазақстан облысына кіреберісте блокбекеттер орнатылады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті...

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әсет Маратұлы Әбдіраханов қалалық цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әсет Маратұлы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – экономика...

Еліміздің сегіз өңірінде жолдар халықаралық IRAP жүйесі бойынша бағалануда

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың International Road Assessment Programme халықаралық жүйесін енгізу жұмысы қарқын алған, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.  Аталған жоба биылғы жылдың...

Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізіледі

Үйден шығу үшін француздарға жазбаша куәлік қажет. Алайда, олар жұмысқа, ауруханаға және дүкенге бара алады, сонымен қатар үйдің жанында серуендеуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды...

Шымкент: Қонаев даңғылында жолайрық құрылысы жүріп жатыр

Шымкент қаласында Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық салу мақсатында қызу жұмыстар жүргізілуде. Жоба биылғы жылдың қазан айында басталып, келесі жылдың желтоқсан айында...