#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Түркістан: «Праймериз» ақпараттық жүйесіне барлық төраға тіркелді

Өткен аптада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелген болатын. Бұл праймериздің аса маңызды саяси оқиға екенін білдіреді. Бүгінде партия басшылығының тапсырмасымен...

Шымкент: «Жастар ресурстық орталығына» жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы болып Айтбаев Ерлан Садырбайұлы тағайындалды. Ерлан Садырбайұлы 1986 жылы Шымкент қаласында...

Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

Әр аптаның сенбі және жексенбі күндері карантин талаптарын сақтай және жеке қорғану шараларын басшылыққа ала отырып сағат 08.00-15.00 аралығында АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ өтеді. СЕНБІ КҮНДЕРІ: -...

Шымкент: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті. Дүниежүзілік акцияның мақсаты - экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Аталған сенбілікке...

Шымкент: Бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары...

Шымкент: Егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің қатысуымен басқарманың атқарған жұмыстары мен Жолдау аясында жоспарланатын шаралары бойынша брифинг өтті....

Шымкент: Асар шағынауданындағы 100 отбасы жұмыспен қамтылады

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүлдер көшеттерін өсіруге назар аударылып отыр. Бүгін Асар...

Праймериз: Кентаудағы пікрісайыста қала әкіміне тікелей мәселе айтылды

Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, жария пікірсайыс өтті.

Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, жария пікірсайыс өтті. Саяси дода Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Жеребе арқылы анықталған бұл дебатқа 6 үміткер қатысты.
Жария пікірсайысқа қала әкімі Даурен Махажанов арнайы қатысып,«Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Елбасымыз , партия төрағасы Н.Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қарайтын, нағыз майталмандар деп білем. Баршаңызға саяси додада сәттілік тілеймін» деді.
Сайыс екі бөлімнен құралды.
Бірінші бөлімде праймериз үміткерлері 5 минут ішінде өз бағдарламалары мен өзекті мәселелердің шешілу жолдарын баяндаса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.
Кандидаттар өздерінің сайлау алды бағдарламасы мен өзекті мәселелерді ортаға салып, өз біліктіліктері мен ой тәжірибелерін көрсетті.
Тіпті үміткерлердің арасында қала әкіміне тікелей ұсыныс жолдап, мәселе көтергендер де болды.
Ұсыныстың алғашқысы жергілікті тарихи орындарды зияратшылар келетін орталықтарға айналдыру бойынша айтылды. Ол үшін мемлекеттік гранттар бөлу кезінде туризмді дамыту жөнінде бизнес-жоба жасап келген азаматтарға қолдау көрсетілуі тиіс.
Екінші ұсыныс – сервистік мал сою алаңдарын ашу. Сағатына кемінде 8 бас мал соя алатын, өнімді сақтауға арналған тоңазытқыш камерасы бар орын қажет. Ол үшін Кентау қаласына қарасты тірек ауылдардағы жер телімдері аукционға жер қойылып, кәсіпкерлерге берілуі тиіс.
Сонымен қатар әлеуметтік сала, медицинаны жақсарту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдаулар, жұмыссыздық секілді сауалдар да қойылып, үміткерлердің біліктілігі сынға түсті.
Кентау қаласы бойынша алғашқы жария пікірсайыс ашық, әрі жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысынан 1144 үміткер тіркелсе, оның 88-і Кентау қаласынан. Бұл шаһарда 30-шы қыркүйекке дейін 16-дай пікір сайыс өткізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу...

Шымкентте «Астана балет» театрының ұжымы онлайн концерттік бағдарламасын ұсынды

Бүгін Шымкент қаласында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде белсенді қызмет атқарған медицина және полиция қызметкерлеріне арналған «Астана Балет» театры ұжымының онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттің...

Түркістан: «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп,...

Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда шаһарда 3...

Шымкент: Бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары...

Шымкент: Электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты

Заман талабына сай жаңадан іске қосылған кәсіпорын кәсіпкерлерге генератордың немесе басқа да электротехникалық жабдықтың оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бүгінде «KG Power» зауыты энергия ресурстарын басқару...

Түркістан облысы атом және энергетикалық қадағалау комитетінің департаменті мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Меморандум Түркістан...

Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынуда

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Аталған серіктестік көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын жасайды. Оны тамақ өнеркәсібі мен...

Праймеризде Жетісайлық 7279 партия мүшесі дауыс береді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 85 үміткер праймериз барысында өзара сынға түсуде. Үміткерлердің 34 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болса, 31-і 35-50 жас аралығындағы, 25-і...