#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы абаттандыру жұмыстарын бақылады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарын аралап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарын аралап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады.

Өңір басшысы алдымен Нұрсұлтан алаңы мен оған жақын орналасқан гүлзарға барды. Бүгінде нысанның құрылыс монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан аумағында жаяу жүргінші жолдар мен субұрқақтарының бетондау жұмыстары аяқталған.

Содан кейін аймақ басшысы Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстарын бақылап, желілік саябақты аралады.
Тұңғыш Президент саябағында сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары, сонымен бірге, аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 95 % аяқталған. Осы айда 295 түп ағаш және 6500 бұта отырғызу көзделуде.

«Әзірет сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру бойынша жұмыстары 4 кезеңге бөлінген. Мұражай аумағында жер тегістеліп, су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Субұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары орындалды. Ал, көгалдандыру аймағына суару жүйесін орнату жұмыстары 60%-ға орындалып, газон егу жұмыстары атқарылуда.

Аймақ басшысы сондай-ақ желілік саябақта болды. «Желілік саябақ» абаттандыруы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары, сонымен бірге, аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстары аяқталуға таяу.

Сонымен қатар, «Конгресс хол», стадион, оқушылар сарайы, драм театр, «Rixos Turkestan» қонақ үйі, «Ұлы дала елі», Ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ондағы жұмыс барысын бақылап, жұмысшылармен тілдескен Өмірзақ Шөкеев жауаптыларға жұмысты күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...