#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Түркістан: Түлкібаста 3 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 6 мектепке қосымша ғимарат салынуда

Түлкібас ауданында жалпы 60 мектеп бар. Оның ішінде 46 орта, 5 негізгі, 9 бастауыш білім беру мекемелері және 1 үш тілде оқытылатын дарынды балаларға...

Түркістан облысында қашықтан оқуға барлық жағдай жасалуда

Республикалық бюджет есебінен алынған компьютерлік құрылғылар түркістандық оқушыларға таратылуда. Жоспарланған 7711 планшеттің жартысынан жуығы жеткізіліп, мектеп оқушыларына 3682 планшет берілді. Облыстық адами әлеуетті дамыту...

Шымкент: Егістік алқабынан 36,7 мың тонна өнім жиналған

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің қатысуымен басқарманың атқарған жұмыстары мен Жолдау аясында жоспарланатын шаралары бойынша брифинг өтті....

Шымкент: Абаттанған көшелер тұрғындар игілігіне берілуде

Шымкентте бірқатар көшелерде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік. Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде...

Шымкент: «MegaSmart» компаниясының өнімдеріне сұраныс жоғары

Бүгін Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалы-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков Қазақстанда Оңтүстік Корея технологиясын қолданатын «MegaSmart» жиһаз компаниясының жұмысымен танысты. Қаладағы «Тассай» индустриалды аймағында...

Шымкент: «Shymkent bike» велосипедтерін пайдаланушылар көбеюде

Шымкент қаласында қыркүйек айының басында қайта іске қосылған «Shymkent bike» велостанцияларынан бүгінгі күнге дейін тұрғындар 4 324 рет велосипед жалға алған. Бұл жөнінде бүгін қала...

Шымкент: Карантиндік шектеулерге өзгерістер енгізілді

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен жаңа Қаулыда енгізілген өзгерістер жəне қаладағы эпидемиологиялық ахуал...

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарын реформалау жөнінде кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы өзгерістердің басты мақсаты – заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің үш буынды моделін құру және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді. Президент аталған жүйе заңдылық пен әділеттілікті қалыптастыру механизмінің кепілі болуға тиіс екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, құқық қорғау органдары басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу...

Шымкентте «Астана балет» театрының ұжымы онлайн концерттік бағдарламасын ұсынды

Бүгін Шымкент қаласында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде белсенді қызмет атқарған медицина және полиция қызметкерлеріне арналған «Астана Балет» театры ұжымының онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттің...

Түркістан: «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп,...

Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда шаһарда 3...

Шымкент: Бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары...

Шымкент: Электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты

Заман талабына сай жаңадан іске қосылған кәсіпорын кәсіпкерлерге генератордың немесе басқа да электротехникалық жабдықтың оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бүгінде «KG Power» зауыты энергия ресурстарын басқару...

Түркістан облысы атом және энергетикалық қадағалау комитетінің департаменті мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Меморандум Түркістан...

Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынуда

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Аталған серіктестік көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын жасайды. Оны тамақ өнеркәсібі мен...

Праймеризде Жетісайлық 7279 партия мүшесі дауыс береді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 85 үміткер праймериз барысында өзара сынға түсуде. Үміткерлердің 34 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болса, 31-і 35-50 жас аралығындағы, 25-і...