#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының Төлеби тауындағы құтқару операциясы аяқталды

Төлеби ауданының тауында іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, ол 3 күнге созылды.

Төлеби ауданының тауында іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, ол 3 күнге созылды. Құрамында 10 адам бар Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының екі тобы қиын жағдайда «Сайрам» мұздығының басында қайтыс болған 1981 жылғы азаматшаның денесін іздестіру және шығарып алу жұмыстарын жүргізді. Бұл күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және мұз өрмелеу федерациясының 6 альпинисі тартылды.
Құтқарушылар альпинистермен бірге 25 тамызда сағат 14.50-де қар еру салдарынан пайда болған мұздықтың жарықтарынан қайтыс болған әйелдің денесін тауып алды. Табылған денені алудың қиындығы кез-келген уақытта еріген қар түсіп, жарықшақты толтыруы мүмкін еді. Оның тереңдігі 10 метрден асатынын, ені 50 см екенін атап өткен жөн. Тар жарықшақта 6 метр деңгейде тұрып қалған марқұмның денесін шығару өте қиын болды. Құтқарушылар альпинистермен бірге арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, денені шығарып, төмен түсіре алды. Қайтыс болған азаматшаның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. 25 тамызда құтқарылған зардап шеккен 1978 жылы туған ер адамның жағдайы бүгінгі күні қанағаттанарлық.
Құрметті азаматтар!Дайындықтың болмауы, ұқыпсыздық, кейде азаматтардың жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкіндігін тағы да еске саламыз. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туристердің, тауға барушылардың өмірін құтқарады. Ең алдымен, жабдыққа, құрал-саймандарға, киім мен аяқ киімге, байланысқа назар аударыңыз. Тауға жорық жасаған кезде өз бағдарыңызды міндетті түрде тіркеу, нақты координаттарды білу, тәжірибелі жолсеріктердің қызметін пайдалану қажет. Бұл тауға сәтті көтерілудің кепілі. Қауіпсіздік ережелерін сақталуы таудағы жазатайым оқиғаларды алдын алады. Естеріңізде болсын – таулар қателіктерді кешірмейді!

Соңғы жаңалықтар