Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі Германияда тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынның атынан әлеуметтік желідегі тарап жатқан бейне материалдардан соң осындай мәлімдеме таратты.
Біздің қазақ диаспоралары мен отандастарымыз тарапынан Германияның түрлі қалаларында, соның ішінде Мюнхенде орналасқан Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүктер Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығында жинақталып, содан кейін ғана бір үлкен партиямен елге жолданады – деп жазған сыртқы саясат ведомствасы — сонымен қатар, құрамында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар бар жүктердің тиісті сертификациялық құжаттары болуы қажет. Бұл Германияның да, Қазақстанның да кедендік қызметтерінің талаптары — екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта ҚР Франкфурттағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев қазақ диаспорасының өкілдері – European Kazakh Forum бірлестігі мүшелерімен байланыста екен.
Олар бірлестік жинақтаған гуманитарлық көмекті әрі қарай Қазақстанға жолдау үшін тікелей Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығына жеткізу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізді.
Тамыз айының ортасында гуманитарлық көмектің келесі партиясын жолдау жоспарлануда