#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Бастауыш сынып оқушыларына кезекші топтар ашылауы мүмкін

Түркістан облысында 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535.

Түркістан облысында 910 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 499 535. Айта кетерлігі, 1 сынып оқушылары биыл 1 тамызға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркеледі. Сондықтан оқушылар саны арта түспек. Қазіргі таңда 2020-2021 жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, оқу процесін ұйымдастырудың түрлері жан-жақты қарастырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

«Оқу жылындағы бірінші тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақы ауылды мектептерді қоспағанда, облыс аумағындағы барлық мектептерде 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Облыста шағын жинақы мектептер саны – 139, ондағы оқушы саны 12 378. Егерде аталған мектептер орналасқан елді мекендерде індеттен қауіп жоқ болса, санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің рұқсатымен дәстүрлі түрде оқытылатын болады», — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, облыстағы қалған мектептерде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Алдағы уақытта еліміздегі ахуал дұрысталып, қауіптің сейілгеніне көз жеткізген кезде, мектептерді біртіндеп аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға көшіру жүргізілетін болады.

«Ұстаздар мен оқушылардың үй жағдайындағы қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері де қарастырылуда. Облыста 499 535 оқушы болса, бұл 200 мыңнан астам отбасының балалары. Жасалған талдау қорытындысы бойынша, облыстағы 28% отбасы үй жағдайында интернет желісіне қосыла алмайды (130 мыңға жуық оқушы); ал 34% отбасында компьютерлік техника жоқ (60 мыңнан астам оқушы). Қазіргі таңда, осы оқушыларды интернетпен және компьютермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Мектептердегі техникалар келісіммен уақытша пайдалануға берілетін болады», — деді Рақымбек Қуатбекұлы.

Бұдан өзге, облыстағы 65 колледж 2019-2020 оқу жылында автоматтандырылған интерактивті платформалардың көмегімен студенттерге техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асырды (PlatonusCollege, SnationCollege, Moodle, GoogleClassRoom). Жаңа 2020-2021 оқу жылында да қашықтықтан білім беруді аталған платформалардың көмегімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қазірдің өзінде халықтың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін колледждерге оқуға түсетін талапкерлерден құжат қабылдау электронды түрде e.gov.kz порталы арқылы жүргізілуде. Колледждерде оқуға түсу бойынша кез келген сұраққа жауап алу үшін виртуалды қабылдау бөлмелері іске қосылуда.

Соңғы жаңалықтар