#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Дәрігерлер коронавирусқа қарсы үйде емделгенде аса сақ болуға кеңес берді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігер Раушан Қарабаева короновирус инфекциясын амбулаториялық деңгейде емдеудің дұрыс жолын түсіндірді. Дәрігер, әсіресе, адам өздігінен ем қабылдағанда сақ болу керектігін...

Шымкентте «Інжу-маржаным — Нұр-Сұлтан» атты бейнеконференция өтті

Шымкент қаласында елорда күніне орай онлайн режимде конференция өтті. Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының»...

«Nur Otan» партиясының мүшесі 1 миллион 400 мың теңгенің аппаратын сыйға тартты

Әрдайым қайырымдылықтың басында жүретін елдің бас партиясы « Nur Otan» бүгінде игі іс жасады. Атап айтар болсақ парти мүшесі белгілі кәсіпкер Жетісайдың тумасы «Таймас»...

Танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті

Саналы ғұмырын қазақ руханиятының, қазақ журналистикасының дамуына арнаған танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті, - деп хабарлайды ADYM.KZ "Жас Алаш" газетіне сілтеме жасап. Қаламы жүйрік, сөзі...

Шымкент: Абай ауданында 107 аула абаттандырылуда

Абай ауданы аумағында абаттандырылып жатқан аулалардың құрылыс жұмыстарын жан-жақты таныстыру бойынша арнайы БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур өткізілді. Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне елді мекендер маңындағы қоқыс үйіндісі мәселесін шешуді тапсырды. – Елді мекендер маңындағы бей-берекет қоқыс үйіндісі...

Шымкент әкімі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін қатаң қадағалауға алды

Қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларды аралады. Тексеру кезінде «НПО ЗЕРДЕ» ЖШС, «АҚ НИЕТ» ЖШС көтерме қоймаларына...

Қазақстан Президенті Ұлттық банктің есебін қабылдады

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері жөнінде есеп берді.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бастамалары, 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспары және коронавирус пандемиясы кезіндегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті өз сөзінде қазіргі жағдайда ақша-несие саясатын тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатын іске асыру стратегиясын әзірлеу барысында халықаралық нарықтағы іргелі үрдістерді ескеру қажеттігін айтты. Жаңа Стратегия еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржы жүйесінің орнықты дамуына тың серпін беруі керек.

Мемлекет басшысы Ұлттық банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне AQR қорытындысы бойынша Жол картасын жүзеге асыруды жалғастыруды, отандық банк секторының сапасына белгіленген мерзім бойынша бағалау жүргізуді тапсырды.

Президент айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді маңызды мәселе ретінде атап өтті.

– Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді.

Мемлекет басшысы қаржы ұйымдарының жұмысын ашық жүргізуді маңызды міндет деп санайды. Бұл мәселе жалған ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдардың алаяқтық іс-әрекеттері үдей түсуіне байланысты өте өзекті болып отыр.

– Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйымдарының жұмысына тексеру жүргізіп, аталған саладағы жағдай туралы ақпарат беруді тапсырдым. Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Президент.

Пандемия кезіндегі әлемдік үрдістер мен еліміздегі жағдай қаржы саласына заманауи технологияларды енгізу қажеттігін көрсетті. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке Үкіметпен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі қаржы технологиясы мен инновациясын дамытудың тұжырымдамасын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар экономика мен бизнеске белсенді несиелеу бойынша қолдау көрсету – Ұлттық банктің маңызды міндеті.

– Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканы, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жаңа қонысындағы жұмысына табыс тіледі. Президент Ұлттық банктің көшіп келуі елордадағы қаржы секторын күшейтіп, Үкіметпен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен арадағы жұмысының үйлесімділігін арттыратына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Қала бойынша жедел жәрдем шақыртулары азайды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар...

Шымкент қаласына пневмония мен COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт...

«Nur Otan» партиясының мүшесі 1 миллион 400 мың теңгенің аппаратын сыйға тартты

Әрдайым қайырымдылықтың басында жүретін елдің бас партиясы « Nur Otan» бүгінде игі іс жасады. Атап айтар болсақ парти мүшесі белгілі кәсіпкер Жетісайдың тумасы «Таймас»...

Түркістан: Бас дәрігерлер «Nur Otan»-да онлайн қабылдаулар өткізеді

Онлайн - қоғамдық қабылдау мақсат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен тікелей байланыс орнату тапсырмасын жүзеге асыра отырып, жұртшылыққа бүгінгі ахуалды баяндау. Қоғамдық қабылдауға Түркістан...

Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

Бұдан бөлек, қаладағы сегіз фармкомпанияға шетелден біржолғы тасымалмен дәрі әкелу бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазіргі таңда Украина елінен дәрілердің алғашқы легі ұшақпен Алматыға келді. Енді...

Шымкент әкімдігі Айжанның анасының өліміне қатысты арнайы комиссия құрды

Денсаулық сақтау министрлігі болған жағдайға байланысты оны анықтауға тапсырма берген. «Біз ішкі тергеу жұмыстарын жүргіземіз» деп уәде берді департаменттің баспасөз қызметі. Жазба жариялағаннан кейін Шымкент әкімінің...

Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті өтті

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Сәбидің басындағы ісіктің көлемі...

Айтыскер Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің келісімі негізінде Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Ниязов Мұхтар Мәуленұлы қалалық мәдениет және тілдерді...

Шымкент: Шетелден тәжірибе алмасу үшін медицина мамандары келеді

Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы...