#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Рухани жаңғыру» кеңсесі тарихи орындарға онлайн экспедиция ұйымдастырды

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» ұйымдастырды.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» ұйымдастырды.

Онлайн жүйесіндегі экспедицияның мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру және қаланың туристік әлеуетін таныту.

Онлайн экспедицияны ұйымдастырушылар қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесененің тарихымен таныстырды.

Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын қоршау, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы реттелгені белгілі. Қаладағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштердің көбіне QR кодтар орнатылған.

Сансыз бабтар мекеніне зиярат етушілер ең алдымен Ибраһим ата кесенесіне ат басын тірейді. Бұл кесене Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим-Ахмет Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII- XIVғғ.) көп уақыт шыдамай, құлап қалған. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі болған. Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.

Қарашаш Ана күмбезі — ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Иасауидің анасы — Қарашаштың басына тұрғызылған. Шымкент қаласы Сайрам ауылында орналасқан.

Қызыр пайғамбар мұнарасы (18–19 ғасырлар) – сәулет өнері ескерткіші. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған минарет мұнаралы құрылыстар қатарына жатады. Тұрғызылған кездегі биіктігі 10,5 м болса, кейіннен жер сілкінісінің нәтижесінде біраз бөлігі құлаған. Қазіргі кезде құрылыстың сақталған бөлігінің биіктігі 5 метр шамасында.

Мірәлі баба кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген діни ғұлама адамның құрметіне арналып салынған.

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының шығыс бөлігінде орналасқан тағы бір киелі жер — Сайрам қалашығы (Исфиджаб). Сайрамның тарихи аты – Исфиджаб. 1,5 мың жылдық тарихы бар Сайрам шаһары қазақ халқының материалды және рухани қазынасы. Х-ХІ ғғ. Бұл ғимарат екі порталды, бір күмбезді болып келеді. Көлемі 6,7х6,5 м, биіктігі 7,7м кесененің іргетасымен есептегенде биіктігі – 5,75 метр, күмбезі биіктігі – 3,0 метр.

Әбділ Әзиз — баб атындағы кесене XVI жылы тұрғызылған.

Онлайн экспедицияны әлеуметтік желі қолданушылары Рухани жаңғыру кеңсесінің facebook.com парақшасынан тікелей эфирде көре алды.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...