Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — сі және Төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен суға шомылу маусымы бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылды.
________________________________________________
Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн?
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
— Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз.
— Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
— Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
______________________________________________
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Редакция таңдауы
Түркістан: Шомылу маусымында сақ болған абзал!
Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ - сі және Төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен суға шомылу маусымы бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.