#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы сел шайған үйлердің құрылысын тексерді

Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты.

Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты. Мұнда көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Қираған 9 үй жаңа жерге көшіріледі. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда. Өңір басшысы «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Жылдар бойы көктемде күпті көңілмен күй кешетін едік. Енді міне, өміріміз түбегейлі өзгерейін деп тұр. Сол үшін сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Осы қиындықтарды жеңуді жеңілдетіп жатқан, жанымыздан табылып, жылы сөзбен демеп жүрген сіздерге халық риза», – деді облыс әкімімен кезекті рет кездескен Леңгір қаласының тұрғыны Мария Корнилова.

Облыс басшысы бұдан кейін Достық елді мекеніндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын бақылады. Онда сел шайған үйлер бұзылып, орнына жаңа баспаналар салынып жатыр. Өмірзақ Естайұлы салынған үйлердің сапасына баса назар аударуды талап етті.

Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан жалпы апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, қайта салынуда. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін толық аяқталмақ.

Сел салдарынан жолдар мен көпірлер жарамсыз күйге түсіп, инфрақұрылым істен шыққан болатын. Апат салдары аз ғана уақыт ішінде толықтай қайта қалпына келтірілді.

Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. Қайта салынып жатқан үйлердің құрылысымен төтенше жағдайға қатысты құрылған комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев танысып қайтты. Ол мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы атқарылуы бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар