#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көркейту мен абаттандыру үшін Түркістан 32 секторға бөлінген

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қала аумағында ағаштар отырғызылып, абаттандырылуда. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылған.

Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Іс-шараның орындалуын қатаң бақылауға алу және жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру тапсырылды. Тұрғындарға қоршаған ортаны қорғауды, қаладағы тазалықты сақтауды насихаттауды міндеттеді. Өкінішке орай, әзірге тазалық мәдениеті сын көтермей тұр.

Қалада аяқжолдар мен вело жолдар төселіп, айналасына көшеттер егілді. Демалыс орындары мен көшелердің бойына субұрқақтар орнатылып, жаңадан аялдамалар қойылған. Облыс орталығымен бірге қалыптасып, бірге бой көтерген «жасыл белдеуді» аралаған Өмірзақ Естайұлы егілген көшеттердің суарылуына аса мән беруді міндеттеді. Түркістанның табиғи тынысына айналған қаланы қоршаған жасыл аумақта бүгінде миллионнан астам көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Терек, қайың, қарағаш, шаған, арша, үйеңкі ағаштарын отырғызу биыл да жалғасын табады.

Түркістан қаласын дамыту ісі бір сәтке де толастап жатқан жоқ. Күн сайын бір өзгеріс. Тіпті жер жүзін алаңдатқан қауіпті індет кезінде де қасиетті шаһарда құрылыс қарқыны бәсеңсімеді. Иә, солай болуы тиіс. Өйткені дүйім жұрт көз тіккен Түркістанды түлету ісі ел абыройы, билік басындағы азаматтардың міндеті.

Соңғы жаңалықтар