Түркістандықтар енді ХҚО-ға кезекті брондау үшін тек egov.kz порталы мен 1414 байланыс нөмірі арқылы ғана емес, eGovKzBot2.0 Телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі және Телеграм қосымшасын жүктеуі тиіс. Мобильді азаматтар базасына egov.kz порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.
⠀
Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады.
⠀
Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.
⠀
Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т.б.
⠀
Жалпы, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.
ХҚО-ға кезекті eGovKzBot2.0 телеграм-ботымен брондауға болады
Түркістандықтар енді ХҚО-ға кезекті брондау үшін тек egov.kz порталы мен 1414 байланыс нөмірі арқылы ғана емес, eGovKzBot2.0 Телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.