#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандық кеденшілер рәсімделмеген 6 тонна тауар тәркіленді

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына кедендік рәсімдеуден өтпеген 6 тоннадан астам өнімді заңсыз алып өтпек болған бірнеше әрекеттің жолы кесілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына кедендік рәсімдеуден өтпеген 6 тоннадан астам өнімді заңсыз алып өтпек болған бірнеше әрекеттің жолы кесілді.

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен кезде жүк көліктерін бос деп көрсеткен. Алайда кедендік тексеру кезінде ведомство қызметкерлері автокөліктерден азық-түлік пен әртүрлі заттарды тапқан. Онда 137 қорапқа қапталған 2710 келі құрт, 10 қапқа салынған 300 келі көк шай және 16 қап балалар мен әйелдер және ерлер киімдері болған. Бұл тауарлардың барлығы рәсімдеуден өтпеген.

Сондай-ақ, кейін ҚР азаматы Т.С. Өзбекстаннан Қазақстанға салмағы 2055 келі 137 қорап құрт пен 250 келі көк шай тәрізді рәсімделмеген тауарларды алып өтпек болған тағы бір әрекеті сәтсіз аяқталды.Мамыр айының ортасында Қазақстан азаматтары көрші республикадан 608 келі кәуап таяқшаларын заңсыз алып шықпақ болған, оларды соя ақуызы түрінде алып өткен.

Бұл тауар кедендік рәсімдеуден өтпеген, сондықтан шекарадан өту кезінде тәркіленген. Сонымен қатар, тағы бір дерек, бос деп көрсетілген жүк көліктерінің бірінен МКД қызметкерлері 62,7 келі киім тапты. Бұл жүк те шекарадан заңсыз өту кезінде ұсталды. Шекара арқылы тауарларды заңсыз алып өту деректері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз алып өткені және ел экономикасының ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді. Департамент азаматтар мен көлік жүргізушілерінен, шекара арқылы тауарларды алып өту кезінде ҚР, ЕАЭО заңдарының талаптарын орындауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...