#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаарал: Су басқан елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елді мекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елді мекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.

Сондай-ақ, Достық елді мекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жалпы 3 арнайы техника, 20 қызметкер жұмылдырылып, бірқатар жұмыстар атқарылған.

Ал, Келес ауданына бекітілген Фирдауси елді мекенінде 170 -тен аса үй арнайы сараптамадан өтіп, бұзу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аталған елді мекендегі Нұрдала көшесінде 14 үй бұзылып, 4 үйдің алаңы тазартылған. Әр үйден шығып жатқан қоқыстың басым бөлігі былшық саз болғандықтан, орта есеппен тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда.

Фирдауси елді мекеніндегі жалпы 2377 азаматтың 1500- нан астамы Келес ауданына бекітілген 4 эвакуациялық пунктке жайғасқан. Қалғаны туған туысқандарының үйінде.
Дәл осындай жұмыстар Өргебас пен Жеңіс ауылдарында да жалғасуда. Бұл аймақтардағы тазалық жұмыстарын Жетісай мен Шардара аудандары жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар