Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орын алған су апатында жедел түрде әр өңірден еріктілерден құралған үйсіз-жайсыз қалған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында «Біргеміз Мақтарал» еріктілер штабы құрылған болатын. Қазіргі таңда жағдай тұрақталып, зардап шеккен ауыл тұрғындары қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуде.
Осындай сын сағатта жұмыла еңбектенген волонтер жастар Штаб басшылығының алғыс хаттарымен марапатталуда. Солардың ішінде, айта кетерлігі, Мақтаарал ауданы С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы және «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Асылбек Қалманбек жаста болса Мақтаралдағы жағдайды және волонтерлар жұмысын көпшіліктің назарына ұсынатын видеорепортаждар жасап, еңбекқорлығымен ерекше көзге түскен болатын. Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Даркенұлы “Біргеміз, Мақтаарал!” волонтерлар штабы атынан Асылбектің білікті маман болып қалыптасуы үшін ноутбук құрылғысын сыйға тартты.
Мақтарал ауданындағы әр атқан таңда ізгілік жасап жүрген ерікті жастар таза ниетімен, адамгершілік қарым-қатынасын көрсетіп қызмет етуде. “Біргеміз Мақтарал” штабының волонтерлары еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан гуманитарлық көмектерін қабылдап, қоймада орналасу реттілігін қадағалап, халыққа жеткілікті көлемде үлестіру және мобильді жеткізу жұмыстарын атқаруда.
Таза ниетті еріктілер еңбегі елеусіз қалмайды!