#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Таразда сарбаздардың жаппай індет жұқтыруы: жауапты басшылар қызметінен босатылды

Гарнизонда 10-нан астам әскери қызметші жаппай ауруға шалдыққан.

Тараздағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің бірінде орын алған әскерилердің індет жұқтыруына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан астам әскери қызметшінің жаппай ауруға шалдығуына әкеп соқтырған заңбұзушылықтар анықталған.

«Атап айтқанда, әскери бөлім басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырылмаған және тиісті деңгейде бақылау болмаған», – делінген баспасөз хабарламасында.

Осы мәселеге байланысты бірқатар жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Әскери бөлім мен медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды.

Әскери ведомство басшылығы қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде алдағы уақытта коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдап, қауіпсіздіктің сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетсек, бұған дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласында орналасқан 01731 әскери бөлімі қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты карантинге жабылған болатын.

Соңғы жаңалықтар