#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

Шымкент қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса...

Шымкентте «109» жедел ден қою қызметі іске қосылады

Шымкентте «Қаланы басқару» саласы бойынша «109» мониторинг және жедел ден қою қызметі» ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін қолданысқа енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР...

Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды....

Шымкентте қоғамдық көлік жүйесінің жаңа концепциясы қабылданды

Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық...

Кентау экологиялық туризмнің жаңа нүктесіне айналады

Әлемді жайлаған Пандемия туризм саласының дамуына кері әсерін тиігізіп жатқаны белгілі. Алайда, әр мемлекет, әр өңір оқшауланып, ішкі туризмнің дамуына тың серпіліс беруі әбден...

Мақтааралға Батыс Қазақстан облысынан 12 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен...

Түркістан: 107 мынан астам абонент 15 мың теңге жәрдемақыны алды

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында төтенше жағдайға байланысты 2 ай мерзімге коммуналдық төлем үшін дербес шоттарға 15 мың теңге жәрдемақы төлемдері жүріп жатыр. Түркістан облысы...

?! (Сұрақ белгі, леп белгі)

Жұмырбасты пенденің әуелі қуанышын бейнелеуге асығатын лепті сөйлемдерді ұнататыны жасырын емес.

vectorstock.com

Сымдай тартылған, тіп-тік, қасқайып, қайқайып тұратын, қойылған жерінің мән-маңызын арттырып, айбынын асырып көрсететін бұл айбарлы, маңғаз таңба бір қарағанда кербез кісідей көрінеді. Екі-үшеуі қатар келгенде сөйлемді тіпті түрлендіріп, дауысыңды ерекше көтеріп айтуға мәжбүрлейді. Кез-келген жай сөйлемнің өзін ұран мен үндеуге айналдыра алады. Сүйсінгеніңді, сүйінгеніңді сүйіншілеп тұрады. Бір нәрсенің аяқталғанын және оның жоғары деңгейде орындалғанын да айқындап береді. Бояуы қанық, бәдені бөлек, абыройы артық. Содан ба екен, кез-келген сөйлемнің соңына леп белгісін қоюға әуестене бастағандар бірте-бірте мақтануға, артық пафосқа берілуге, эмоцияның иіріміне түсіп, қиқулап қолпаштауға бейімделе кетеді.

Қайран Ақаң, «леп белгісі» деп қалай дәл тауып қойған. Екпіндеп келетін, өрекпіп шығатын, лепесінде ерекше лебі бар бұл белгінің айдарынан расында, жел есіп тұрады. Ал желі сөздің желөкпеге желік бітіретіні тағы бар. Кейде ол көздің жауын алатын сыңғырлаған сиқырлы сылдыр сөздердің мінсіз салтанатын сомдап, орашолақ одағай ойдың артынан сіресіп тұра қалады. Ондайда сымбаты сайыпқыран көрінгенімен бойында тәкаппарлық бұғып жатқан белгі мақтаншақтық ауылына жетелеп, киізкөкірек кісінің кеудесіне қиял қондырады. Сондықтан, мінбердің сәніне айналған бұл сұрапыл белгіге былайғы жұрттан гөрі, басшылар ынтық келеді.

Шынында мағыналы-мазмұнды сөйлемге бей-берекет леп белгісін жалғаса, ол ұранға айналып, алды-арты түйінделеді де қалады. Сол арқылы сөздің қадірі қашып, ғұмыры келте кескен жіптей қысқа, күрмеуге келмейді. Сондықтан соңына сұрақ ілеседі.

Сұрақ белгісі… Осы бір көзге қораштау көрінетін, басы иілген, белі бүгілген белгі базбіреулерге ұнамайтын да шығар. Сондықтан сансыз сауал арқалап жүретін сиықсыздау белгінің кейде сыйы да болмайды.

Дегенмен, сұрақ белгісінің пішініңде үлкен кішіпейілділік жасырынып жатқандай әдемі таңбаланған. Құдды сағағы дәнге толған бидайдай майысып, қарттық алқымдаған ақылы дария ақсақал қариядай иіліп тұрады. Тәңір алдында тізе бүккен тақуаға да ұқсайды. Дана халқымыз «жемісті ағаш жерге иіліп тағзым етеді, жетелі жігіт елге иіліп тағзым етеді» деп тегін айтпаса керек. Сондықтан сұрақ белгісі тақылеттес тұлғалар өмір бойы жауап іздеп жүреді. Ұлылықтың қарапайымдылықта екенін ескерсек, ізеттілік иіле білуде, кісілік те кішілік арқылы келеді. Тұнығын лайламаған, терең де тегеурінді кейіпте.

Сұрақтар үлкен өркениетті тудырады. Ол – ғылымның анасы іспетті. Сұрақ қойылмайтын қоғамда білік тежеледі, таным ортаяды. Қарапайым сұрақтар ұлы жауаптар күтеді. Сондықтан сұрақ белгісі – дамудың қайнар көзі. «Неге?» деген сауал бірте-бірте «қалай?» және «қашанға?» айналады. Осылай сұрақ қоймаса, ғылым дамымайды. Журналист сұрақ қоймаса, қоғамдағы түйткілдердің шимайы шешілмейді. Балабақшадағы бүлдіршін сұрақ қоймаса, тілі жетілмейді. Қызметкер сұрақ қоймаса, ұжым ілгерілемейді. Әрине, бұл ретте, дұрыс сұрақ қоя білу де үлкен біліктіліктің белгісі. Адамзат сұраққа жауап іздеген сайын ішкі өрімі шексіздікпен шектесе береді. Ал біз баламыз сұрақ қойса немқұрайлы жауап береміз. Бүлдіршін сұрақ қойса, тәрбиешісі тыйып тастайды. Сұрақ қойғыш шәкірт ұстазына жақпайды. Журналист қалам ұшында қалқыған сан сауалдың жауабын таппай дал. Қызметкер басшысына сұрақ қоюға қаймығады…

Бір сұрақ келесі бір сұраққа сәулесін түсіріп, жауаптың жүгін арқалап тұрады. Адам атадан бері мәңгілік тақырыпқа айналған сұрақтар қаншама. Ұршыққа оралған жіптей ұзын өмірдің бірте-бірте майшамдай еритіндігі аян. Сол қараңғылықты қақ айырған майшамның өзі сәл жанғаннан кейін иілгіш келетіні қызық. Алғашында леп белгісіне ұқсағанымен, бойына жылу тараған соң бір жағына қарай қисайып, сұрақ белгісіне айналып шыға келеді…

Сөздің сыры мағынасында емес, әуезінде деп қоңыраулатып сөйлеуге де болар еді. Алайда айдар-кекілін жаңа ғасырдың желі тартқан жас толқын артық мақтанның буына семіріп кете ме деген күдік те жоқ емес. Бүгінде кішкентай ғана жетістіктің астын үлкен сызықпен сызып көрсетіп, сөйлемнің соңына леп белгісін қоятындар көбейді. Дабыралық пен даңғойлық дендеп барады. Рас, сауал сансыз, жауап мәнсіз. Ұлы Абайдың аптасына не айына өзіңе бір рет болса да есеп бер дейтіні сондықтан. «Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барам?» тақылеттес адамзатты руханият шыңына алып шығатын қанатты сұрақтар қайда?

Әсілі, кез-келген пенденің ғұмыры леп белгісімен тәмамдалуы үшін, адам алдымен тағдыр жолында кездескен сан сауалға жауап беруі керек шығар. Сонда сұрақ белгісімен басталған сөйлем леп белгісімен аяқталады…

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,
Egemen Qazaqstan

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда біртұтас туристік тәжірибе қалыптастырылады

Киелі Түркістан шаһарына келушілерге барлық жағдай жасалады. Әр саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан...

Ө.Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет

Түркістан облысында көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі мақсат – егістікті әртараптандыру. Яғни, дәстүрлі мақта, масақ дақылдарын азайтып, олардың орнына көкөніс, мал азығы мен...

Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды....

Шұғыл: Қырғыз бен өзбек қақтығысып қалды

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары арасында қақтығыс болып, бірнеше үй өртеніп, біраз адам жараланған. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты malim.kz  сайтына...

Шығыстану институтына жаңа басшы тағайындалды

Дүкен Мәсімханұлы бұған дейін Л.Гумилев атындағы «Еуразия» университетінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен. Университет жанындағы Қытайтану институтын қоғамдық негізде басқарған білікті маман алып көршімізбен...

Шымкент қаласында 30 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды

1959 жылғы азамат Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны. 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық...

Шымкент: Жыл басынан бері 48 бала баспанамен қамтылған

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі 1698 балалар тұрғын үй кезегінде есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саны – 589-ды құрайды. Бұған дейін...

Мас хәлде көлік жүргізген адам бас бостандығынан айырылды

Кентау қаласында мас хәлде көлік жүргізген адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол көлік жүргізіп келе жатып полицейлерге ұсталғанда үш жылға автомобиль...

Шымкент қаласы және Түркістан облысы аумағында сапасыз жанар-жағар майларды сату деректері тіркелді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі Комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс бағыттарының ішінде басымды болып мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы деректерін анықтау және...