#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шұғыл: Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан ауылдарды су басты

Түркістан облысына қарасты Төлеби және Қазығұрт ауданында қатты жауын-шашын салдарынан төтенше жағдай орын алды.  Қасқасу ауылында қатты нөсер салдарынан 4 көпірді су шайып кетті.

Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында сағат 17.05 шамасында нөсер жауын салдарынан жергілікті маңызы бар 4 көпірді су шайып кетті. Үйлерін, ауласын су басқан тұрғындар әбігерге түсті. Сырғанақ көшесіне өтетін «Мешіт» көпірі — ұзындығы 6, ені 3 метр, Кемелік көшесіне өтетін «Мед пункт» көпірі — ұзындығы 8, ені 4 метр, Аралық көшесіне өтетін «үй жануарлары өтуге арналған көпірі» ұзындығы 4, ені 2 метр, Төрткүл көшесіне өтетін ұзындығы 4, ені 2 метр көпірлерді су шайған.

Сондай-ақ, 4 ірі қара, 4 қой суға кеткен. Жоғарғы Қасқасу ауылында 108 тұрғын үй орналасқан. Мұнда 761 халық тұрады. Ал, Алатау ауылдық округіне Екпінді елді мекенінде 4 тұрғын үйді су басқан, 15 тұрғын үйдің ауласына су кіріп үлгірген.

«Қазіргі таңда түскен хабар бойынша, оқиға орнында аудандық әкімшіліктен 4 техника 20 адам,Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника, 4 жеке құрам, Төлеби су шаруашылығы МКК 2 техника 7 адам, «Жарық жолдары 1 техника, 5 адам, №5ӨСБ,№16,№32 ӨСБ 82 жеке құрам, 6 дана мотопомпа жұмыс атқаруда,» — деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Дәл осы күні сағат 19:30  шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Қазығұрт ауданының Жігерген ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері жетіп, Жігерген ауыл округі бойынша 30-үйдің ауласына су кіргені, 2-қора құлағаны белгілі болды.

Аталған оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері аудан, ауыл әкімдігінен 15 қызметкері 6-техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде.

Орын алған табиғат апатынан зардап шеккендер жоқ. Келтірілген залал шығындары есептелуде.

 

Соңғы жаңалықтар