#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Мақтааралда 4 бірдей мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері тағайындалды

ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5...

Келестіктер тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйлады

Келестіктер тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды ADYM.KZ aimak.com сайтына сілтеме жасап. Келес ауданы, Бозай ауылдық округінен 1941-1945 жылдар аралығындағы ІІ-дүниежүзілік соғысқа Грибанов Петро...

Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

Шымкент қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса...

Тұрғын үйінде 1200-ден астам оқ-дәріні сақтаған

14 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның “Опель Вектра” маркалы автокөлігінде және...

«Birgemiz» қорымен Шымкенттік 40 мың отбасыға бір реттік көмек берілді

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған...

Көксәйекте бір жерден 2-3 өнім алу жобалары қарқынды жүргізілуде

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда, деп хабарлайды ADYM.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз...

Түркістан: Телеграм-ботпен ХҚО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі және Телеграм қосымшасын жүктеуі тиіс. Мобильді азаматтар базасына egov.kz порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады. ⠀...

Мұстафа Шоқай және «Түркістан легионы» мәселесі

ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейінгі кеңестік кезеңде халқымыздың біртуар ұлы, Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен Мұстафа Шоқай жайында көптеген жалған ақпарат тарап, ұлы тұлғаға күйе жағылғаны белгілі.

Фото: bugin.kz

Большевизмнің қас дұшпаны ретінде билікпен ымыраға келмей шетел асқан Алаш арысына таңылған айыптар бұл кезеңде негізінен Түркістан легионы төңірегінде өрбитін еді. Бұл жайында тіпті, «социалистік реализмнің» аясында көркем шығармалар жазылып, қаралау науқанына түрлі бәйгелер беріліп жатты.

Еліміз егемендік алып, тарихтың ақтаңдақ беттері біршама ашылып, Алаштың ардақты ұлдары ақталып жатқан тұста Мұстафа Шоқайға қатысты ойлар да басқаша өрбіп, жаңа деректермен толысқан тарих көздері ақиқат сырларын аша түсті. Дегенмен, Мұстафа Шоқайға және оның мұрасына сын көзбен қарайтындар, тіпті сыңаржақ идеологияның әсерімен әлі күнге қаралайтындар да жоқ емес. Сондықтан, Алаштың ардақты ұлы жайында ақиқатты білу үшін дәйекті дерекке жүгінгеніміз абзал.

Мұстафа Шоқайдың фашистік билікпен байланысы бар ма еді? Оның фашизмге, ал, әсіреұлтшылдардың Шоқайға деген көзқарасы қандай еді?

Ең баста айта кетерлік жайт, Мұстафа Шоқайдың және большевиктерден теперіш көріп шетел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылған «Промете» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді. Расында, 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы «Промете» қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айрылды. Өйткені кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлт өкілдері маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз қалып, ресми басылымдары да жабылып қалды. Польшаның басып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алман-Кеңес басқыншылық келісімі «прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды. Осы кезеңде: «Гитлер де, Сталин де – залым. Бірі әсіреұлтшыл, ал екіншісі интернационалист болып көрінгеніне қарамастан, екеуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде», –деп жазған Мұстафа Шоқай өзінің пікірлес достары, украиндық А.Шульгин, кавказдық Мир Якуб Мехтиев және грузиндердің көсемі Ное Жорданиямен бірге шет елдердегі барлық отандастарын Герман-Совет коалициясына қарсы бірігіп, қарсы тұруға шақырды.

Сонымен қатар Мұстафа Шоқай белсенді автор болған «Промете» журналының 1940 жылы сәуір айында шыққан соңғы саны финдердің кеңес әскерлеріне қарсы қаһарманша табандылық танытуынан қанаттанып, оқырмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді. Мұндағы адамзатқа апат әкелетін індет аурулардың аттары екі империяға қаратылып айтылып тұрғаны белгілі болса керек. Осылайша Мұстафа Шоқай ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке қаншалықты қарсы болса, әлемде тек бір ғана ұлттың үстемдігін қалайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қаймықпай, ресми түрде мәлімдеді. Өйткені жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар болатынын айтатын ол, барлық ұлттардың терезесі тең дәрежеде өмір сүруін қалайтын еді. Сонымен қатар ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейлінше мейірімді және соғыс атаулыға қарсы екені сипатталып жазылған. Тұтқындар лагерінде Мұстафа Шоқайдың жәрдемі арқасында ғана аман қалған әйгілі тарихшы Баймырза Хайт, Ыстамбұлда бір кездескенімізде Мария ханымның осы сөздерін айна қатесіз қайталап еді.

Ал сонда соғыс атаулыға, қан төгуге және адамзатқа төніп келе жатқан алапат ауру – фашизмге қарсы болған Мұстафа Шоқай, расында, легион құруға ат салысып, қару кезенген бе еді? Мұстафа Шоқайдың легионның ресми құрушысы Уәли Қаюмға деген көзқарасы қандай еді?

Фашистер жаулап алғанда Парижде болған Мұстафа Шоқайға сол кездері Берлинде тұратын, гестапоға жұмыс істейтін Уәли Қаюм келіп, әңгімелеседі. Алайда шақырылмаған қонақты жақтырмай, әңгімеден мейлінше тартыншақтаған Шоқай, Қаюмды, тіпті шайға да шақырмастан шығарып салады. Бұл – Мұстафа Шоқай мен Уәли Қаюмның алғашқы кездесуі еді. Өйткені бір хат жазғаны болмаса, Уәли Қаюм Берлинде тұрғанына қарамастан осы қалада шығатын «Яш Түркістан» журналымен, оның бас редакторы Шоқаймен және өзге де түркістандық шәкірттермен араласпайтын еді. Осы оқиғадан екі аптадан кейін, яғни 1940 жылы сәуір айында тағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ыңғай бермеген Шоқай, тек ықтият үшін әйгілі түрколог, профессор Герхард фон Мендемен хат алысқаннан кейін ғана ықтиярсыз болғандықтан, Берлинге баруға бел байлайды. Берлинде Кеңестер Одағы, оның әскери қуаты сияқты сұрақтар қойған қызметкерлерге өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс екенін, өзге жайттардан хабары жоқ екенін айтып, жауап береді. Осылайша ол бір аптаның ішінде Парижге қайтып кетеді. Қағаз бетіне түскен бұл деректерден  М.Шоқайдың фашистік билікке бүйрегі бұрмайтынын, онымен байланысқысы келмейтінін және арада жүрген Уәли Қаюмды жақтырмайтынын айқын аңғаруға болады.

ІІ дүниежүзілік соғыс басталған күні Мұстафа Шоқай қатты дегбірі қашып, мазасызданады. Оны сол күні фашистер Ножандағы үйінен тұтқындап әкетеді. Тұтқындар лагерінде үш апта болған соң, үйіне екі күн рұқсат берген немістер оны Берлинге қайта алып кетеді. Өмір ағымының ыңғайында кете барған Мұстафа, Берлинде тіпті, есірік фашист офицері тарапынан көше ортасында соққыға да жығылады.

Бұдан кейінгі өмірі аумалы-төкпелі жағдайда өткен М.Шоқай тұтқындар лагеріне жіберіледі. Отандастарының қасіретті тағдырына қабырғасы қайысқан қайсар ер, оларды тұтқыннан босатуға, тым болмағанда өлімнен арашалап қалуға ұмтылады. Бұл кездегі оның көңіл күйін жазған хаттары мен күнделіктерінен айқын байқауға болады. Мәселен, жұбайына жазған бір хатында Мұстафа Шоқай тұтқындардың қорқынышты әрі үрейлі жағдайларын айту үшін тиісті мекемелерге мәлімдеме жасағанын, мұнда: «Сіздер – фашистер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдардың қатарына жатқызасыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз мен көріп жүргендей болса, онда мен сендерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып, ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Мәдениетті халық екеніңізді айтуға тіпті де хақыларыңыз жоқ» деп жазғанын, бұл қорқынышты жағдайлардан кейін мұндай «мәдениетті» қоғамда тіпті өмір сүргісі келмейтінін, шынында да ұйқысы қашып, еш нәрсеге тәбетінің жоқ екенін хабарлаған. Ол жұбайына жолдаған басқа хатында фашистердің хайуаннан да бетер екенін айта отырып, өзінің бұл жағдайға бұдан әрі төзе алмайтынын, өлгісі келетінін жазған.

Осы орайда айта кетерлік жайт, сонау бір жылдары Мұстафа Шоқайдың Гитлермен кездескені жайында неше түрлі аңыз-әпсаналар айтылып, фашистік формамен суретке түскен бір бейтаныс бейнені Шоқайға телу белең алған болатын. Мұстафа Шоқай туралы айтылған мұндай ақпараттардың сталиндік саясаттан туған жала екенін бірден ашып айту керек. Шоқай өмірінде Гитлермен кездескен емес.

Фашистердің түпкі пиғылын білген Мұстафа олармен қызметтесуге құлықсыз болды. Тұтқындар лагерін аралаған кезде де оның бар арман-мұраты – баудай түсіп, қырылып жатқан тұтқындағы түркістандық бейкүнә бауырларын ажал аузынан аман алып қалу болды. Мыңдап қырылған туғандарына қорған болу үшін тиісті мекемелерден шырылдап араша сұраған, бірақ лайықты жауап ала алмаған ол, алға қойған мақсатын белгілі бір дәрежеде атқарып, Парижге қайтуды ойлады. Фашистік билікпен ымыраға келе алмаған, олардың айтқанына көніп, дегеніне жүре қоймаған Мұстафа Шоқай соңғы хатында былай деп жазды: «Мұндағы байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім… Тезірек карантинға жауып тастамай тұрғанда, құтылып шығуым керек».

Есіл ердің жүрегі бір сұмдықты сезгендей екен. Алайда тағдыр оған Парижге жетуді жазбапты. Карантинде бірнеше күн болып, тексеруден өткеннен кейін Берлинге қайтар жолда тұтас Түркістанның қайраткер ұлы жұмбақ жағдайда бұл жалғаннан аттанып кете барды. Оның жұмбақ өлімінен соң әртүрлі сөздер тарай бастады. Әрине бұл сөздер негізсіз емес-тұғын. Өйткені Шоқай жеңіске жететіндеріне әбден сенген, Мәскеудің іргесінде тұрған фашистік билікке керек болмай қалған еді. Оның үстіне «әйелі орыс, өзі демократ әрі фашизмге қарсы» Шоқайдан дереу бас тарту жөнінде арыз ұйымдастырған Алимжан Идриси сынды легионды жақтаушылардың Мұстафа өлімінің құрметіне тост айтып, бокал көтергені де тарихи шындық. Келе жатқан 1942 жылды ерекше қуанышпен қарсы алғандардың бірі де кейіннен фашистер тарапынан «хан», «ата», «президент» атағы берілген Уәли Қаюм болатын. Бұл кезде «Түркістан легионы» әлі құрылмаған да еді.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Egemen Qazaqstan

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда біртұтас туристік тәжірибе қалыптастырылады

Киелі Түркістан шаһарына келушілерге барлық жағдай жасалады. Әр саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан...

Ө.Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет

Түркістан облысында көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі мақсат – егістікті әртараптандыру. Яғни, дәстүрлі мақта, масақ дақылдарын азайтып, олардың орнына көкөніс, мал азығы мен...

Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды....

Шұғыл: Қырғыз бен өзбек қақтығысып қалды

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары арасында қақтығыс болып, бірнеше үй өртеніп, біраз адам жараланған. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты malim.kz  сайтына...

Шығыстану институтына жаңа басшы тағайындалды

Дүкен Мәсімханұлы бұған дейін Л.Гумилев атындағы «Еуразия» университетінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен. Университет жанындағы Қытайтану институтын қоғамдық негізде басқарған білікті маман алып көршімізбен...

Шымкент қаласында 30 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды

1959 жылғы азамат Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны. 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық...

Шымкент: Жыл басынан бері 48 бала баспанамен қамтылған

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі 1698 балалар тұрғын үй кезегінде есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саны – 589-ды құрайды. Бұған дейін...

Мас хәлде көлік жүргізген адам бас бостандығынан айырылды

Кентау қаласында мас хәлде көлік жүргізген адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол көлік жүргізіп келе жатып полицейлерге ұсталғанда үш жылға автомобиль...

Шымкент қаласы және Түркістан облысы аумағында сапасыз жанар-жағар майларды сату деректері тіркелді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі Комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс бағыттарының ішінде басымды болып мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы деректерін анықтау және...