#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Коронавирус жұқтырған әйел босанды

Жаңа босанған ана жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда.

22 жастағы жүкті әйел Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 27- сәуір күні ауыр халде жеткізілген. Толық медициналық тексеру жүргізілген соң, одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған. Аяғы ауыр әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтел белгілері болған. Сонымен қатар әйелдің жүктілігі ауыр өткені белгілі болады.

Дәрігерлер шұғыл түрде гемотрансфузия жасап, ем-дом жүргізеді. Аурухананың білікті дәрігер-реаниматолог, гинеколог және акушер құрамы жүкті әйелді сәтті босандырып алды. Салмағы 3400 гр ұл бала дүниеге келген. Сәби оқшауланып №3 Түркістан облыстық перзентхана дәрігерлерінің қадағалауында. Жаңа туылған нәрестеден COVID-19-ға талдау алынған. Нәтижесі жақын уақытта белгілігі болады. Дәрігерлердің айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді. Жаңа босанған ана жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Науқастың жағдайы бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар