#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: «Ауылым — алтын тұғырым» онлайн байқауы жарияланды

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы 24 сәуір мен 14 мамыр аралығында "ауылым алтын тұғырым" онлайн байқауын жариялады.

«Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік.

Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылымалтынтұғырым атты байқау ұйымдастырылып отыр.

Байқауға еліміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Ол үшін өз ауылының әсем табиғаты мен тамаша көрінісін суретке немесе видеоға түсіріп, ауылы туралы суреттеме жазба жазуы тиіс. Жазбаның мазмұнында  ауыл табиғаты, тіршілігі мен өмірін  суреттеуге басымдық болуы керек.

 Материал әлеуметтік желіде (фейсбук, инстаграм) #Ауылымалтынтұғырым, #ТүркістаноблысыҚоғамдықдаму_басқармасы, #Biz_birgemiz хэштегтерімен жариялануы тиіс.

Қазылар алқасы арнайы мамандар мен әлеуметтік желі белсенділерінен құралады. Байқау мерзімі: Ағымдағы жылдың 24 сәуір – 14 мамыр аралығында өтеді. Баршаңызды байқауға қатысуға шақырамын! Біз біргеміз!», делінген байқау хабарландыруында.

Соңғы жаңалықтар