#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен ШІЛМАНОВ АЙБЕК АҚБЕРГЕНҰЛЫ Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен ШІЛМАНОВ АЙБЕК АҚБЕРГЕНҰЛЫ Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы — Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқарудан бастаған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде  2008 жылдан бастап жұмыс істеуде.

2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының консультанты, кейіннен аталған басқарманың бөлім меңгерушісі болған.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу департаментінің Тәртіптік-әкімшілік және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының сарапшысы, кейін  бас сарапшысы лауазымында қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап жаңа лауазымға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған (бұрын ОҚО).

Соңғы жаңалықтар