Түркияның 31 провинциясында төрт күнге коменданттық сағат жарияланды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 31 провинцияда 4 күнге коменданттық сағат жариялады. Жаңа ереже 23 сәуірде күшіне еніп, 26 сәуірде аяқталады.
Телеарна мәліметінше, жалпы соңғы тәулікте елде 4 674 адам вирус жұқтырған. Осылайша COVID-19 дертіне шалдыққан науқастардың жалпы саны 91 мыңға жуықтады. 2140 науқас осы кеселден көз жұмды. Ал 1454 адам індеттен айыққан.
Еске салайық, осыған дейін 31 провинцияда қалааралық көлік қатынасы тоқтаған болатын.