#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Зергерлік бұйымдарын өңдеуде түріктер көш бастап тұр

Түркия зергерлік бұйымдарын өңдеу ісі бойынша әлемде бесінші, өндірісте алғашқы үштікке енді.

Алтын зергерлік бұйымдарының өндірісінде үздік үштікте тұрған Түркия өзгелерден дәстүрлі инновациялық жобалар мен заманауи әдістерді пайдаланғанымен ерекшеленеді.

 Зергерлік өнеркәсібінде жыл сайын 400 тонна алтын мен 200 тонна күміс өндейтін ел  Үндістан, Қытай, АҚШ пен Ресей сынды бес ірі нарықтың бірі болып табылады.

Ал, өндірісте Үндістан және Италиямен бірге алғашқы үш елдің қатарына кіреді.

Алтын зергерлік бұйымдарын шығаратын дүкендердің көпшілігі Стамбулда болса да, Анкара мен Измирде де ірі өндіріс орындары жетерлік.

Айта кетерлігі, Стамбулда зергерлік бұйымдардың өндірісі мен сауда орталығы болып табылатын Капалычаршыда көптеген дизайнер зергерлерден шеберліктің қыр-сырын үйренеді.

Қазіргі таңда Капалычаршы әлемдік брендтердің коллекцияларында орын алған жобаларға таңба қалдырған зергерлік дизайнерлерге шабыт беретін орталыққа айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар