#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

А.Кудрин: Орыс экономикасы 5 пайыз төмендеп, 8 миллионға тарта адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Ресей Есеп комитетінің төрағасы Алексей Кудрин жаңа типті коронавирус індетіне бағытталған сақтық шараларының уақыты ұзайтын болса, ел экономикасының 5 пайыз төмендейтінін жеткізді.

Ресейдің бұрынғы Қазына министрлерінен Алексей Кудрин  Ресей РБК арнасына берген сұхбатында коронавирус індеті себепті орыс экономикасындағы бүгінгі жағдайды  баяндады.

«Банктер 3 ай ішінде дағдарысты сезе бастайды. 6 ай ішінде дағдарысқа түседі. Банктердің қосымша қаржы қосулары керек», деді Алексей Кудрин.

Ресейде 2.5 миллион адамның жұмыссыз екенін ескерткен Кудрин:

«Аталмыш сан уақытша 8 миллионға дейін жоғарлауы мүмкін. Сақтық шараларының қаншалық ұзайтынын білмейміз. Бұл кейбір аймақтардың және кәсіпорындардың қиын жағдайға душар ететінін көрсетеді. Коронавирусқа бағытталған шаралардың уақыты ұзаса, ел экономикасы 5 пайыз ықшамдалады», деді ол сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар