#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Челлендж жеңімпазына Phone Pro 11 сыйға беріледі

«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен челлендж бастау бастады.

«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен челлендж бастау бастады. Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларында тауып қызығушылық танытып отыр. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың арасында шетелдік және ағылшын,орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар. Айта кетейік бас жүлде иегеріне — Phone Pro 11 сыйға берілсе, белсенді қатысушыларды өзге де тосын сыйлар күтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні тікелей эфирде сағат 17:00-де анықталмақ. Карантинде жатып жеңімпаз атанамын деушілер толық ақпаратты @resurstyq_ortalyq парақшасынан біле алады.

Соңғы жаңалықтар