#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

OPEC шикі мұнай өндіру мөлшерін 10 миллион баррелге азайтады

Бұл шешім 1 мамырдан 30 маусымға дейін  OPEC және OPEC-тен тыс шикі мұнай өндіруші кейбір елдердің келісімімен жүзеге асады.

23 мүшесі бар Мұнай экспорт етуші елдер ұйымы OPEC және OPEC-тен тыс шикі мұнай өндіруші кейбір елдер шикі мұнай өндіру мөлшерін 1 мамырдан 30 маусымға дейін күндік 10 миллион баррель азайтады.

OPEC-тен тыс шикі мұнай өндіруші кейбір елдер телеконференция жолымен ұйымдастырған 10-шы Кезектен тыс Министрлер жиналысы аяқталды. OPEC Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо жұма күні жасалған мұнай өндірісіндегі үзіліс шешімінің атқарылатынын айтты.

OPEC-тен тыс шикі мұнай өндіруші кейбір елдер шешімге сай шикі мұнай өндіру мөлшерін 1 мамырдан 30 маусымға дейін күндік 10 миллион баррель азайтады. Аталмыш азайту ұйымның ең ірі үзілісі ретінде тарихқа жазылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

«OPEC-тен тыс шикі мұнай өндіруші кейбір елдер шешімге сай шикі мұнай өндіру мөлшерін 1 мамырдан 30 маусымға дейін күндік 10 миллон баррель азайтады. Бұл АҚШ-та мыңдаған энергия жұмысын құтқарады. Ресей мен Сауд Арабиясын құттықтаймын», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар