#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

42 500 теңге алу үшін өтінім беретін бот іске қосылды

Әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған бот іске қосылды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бірлесіп, Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш беруге арналған ботты іске қосты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, мына сілтемеге https://t.me/Help42500Bot өтесіз.

Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
6. Өз өтінішіңізді растау;
7. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:
1. «Қызметкер» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
7. Өз өтінішіңізді растау;
8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы;
b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

 

 

Соңғы жаңалықтар