#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Коронавирус инфекциясына байланысты экспресс-тесттен кімдер өте алады?

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетіні жөнінде мәлімдеді.

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетіні жөнінде мәлімдеді. Алғашқылардың бірі болып тексеруден:

-коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

-тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар;

-науқастармен байланыста болған адамдар;

-коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

-карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

Айта өтейік, адамның вирус жұқтырған-жұқтырмағаннын зеттеуге 7-8 сағат кетеді, ал нәтижесі 12 сағаттан соң ғана дайын болады екен. Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%. ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар